Елбасымыздың жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 27 қарашасында «Silkway» халықаралық университетінде «Денешынықтыру және әскери дайындық» кафедрасының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» барысында өскелең ұрпақты саламатты өмір салтын қалыптастыруға тарту, жастарымызды спортқа баулу мақсатында I-II курс студенттері арасында кіші футболдан жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатындасөз сөйлеген университетіміздің ректоры И.Е.Ефимова өз сөзіндебарлық жарысқа қатысатын студенттерге жеңіс тілеп, мықтылардың мықтысы, күштілердің күштісі жеңіске жететіндігін айтып, тілегін білдірді.
Сонымен қатар, «Жаратылыстану- шығармашылық» факультетінің деканы Бутаев Мұхаммедәлі Дадаханұлы және«Дене шынықтыру және әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы Амидов Әсет Ибрагимұлы студенттерге сәттілік тілеп, әрі қарай ойын ережесі бойынша ойынды жалғастыруды кафедраныңаға оқытушысы Б.Ж.Байдиллаевқа тапсырды.
Ойынға төрешілік еткендер:Д.Н.Искаков пен Х.Утаметов. Ойын нәтижесінде үш факультет арасындағы өткен жарыста І-ІІ-ІІІ орындарды «Жаратылыстану-шығармашылық» факультеті иеленді, атап айтсақ:
І- орынды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының ІІ-курс студенттері иеленсе,
ІІ-орынды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының І-курс студенттері иеленді,
ІІІ-орын «Бастапқы әскери дайындық»мамандығыныңІІ-курс студенттеріне бұйырды.
Сонымен қатар, барлық жарысқа қатысқан студенттерді және«Гуманитарлық - экономикалық» факультеті және «Педагогикалық» факультет студенттері жарысқа белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.
Өткізілген спорттық іс-шаралардың мақсаты - студент жастарымызды, саламатты өмір салтын қалыптастыру,денсаулығын нығайту,денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу,спортқа баулу болып табылады.