Шри Ланкадағы Дүниежүзілік Конгресс және "Су және даму" көрмесі
2019 жылдың 19 наурыз күні SILKWAY Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы үйінде дәстүрлі «II Юнусов оқулары: Ұлы дала құндылықтарын жаңғырту – білім мен ғылымды дамытудың негізгі факторы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны қоса ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» (Қазақстан), Франциска Скорин ат. Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы), Қоғамдық ғылым академиясы (Польша), Өзбек мемлекеттік әлемдік тілдер университеті (Өзбекстан), ISMA университеті (Латвия), Сулейман Демирел университеті (Қазақстан).
Конференция жұмысы SILKWAY Халықаралық университетінің президенті Мадияр Бахтиярұлы Юнусовтың құттықтау сөзімен ашылды.
Конференцияға 800 жуық қонақтар қатысты. Конференция жинағына 3 томнан тұратын 400 астам ғылыми баяндама жинақталды.
Конференция қонақтары Мұратәлі Оразәліұлы Қалмұратов - Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Асылы Осман Әлиқызы – ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Парасат ордені»-нің және "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері (Қазақстан), Жигалев Борис Андреевич – Н.А. Добролюбова ат. Нижегород мемлекеттік лингвистикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы. (Ресей Федерациясы), PhD Моника Яворская – Қоғамдық ғылымдар академиясының аймақтық директоры (SAN) (Польша), Бин Ванг (Dr. Bin Wang) – PhD, Брунел Университеті (Лондон, Ұлыбритания), Микель Роберт Феррер – Барселона Университетінің профессоры, PhD доктор (Испания), Өзбекстан Республикасы университетінің өкілдері, Өзбек мемлекеттік Әлем тілдері университетінің өкілдері, (Өзбекстан).
Конференцияда баяндама оқығандар: КабулдиновЗиябек – ҚР БҒМ, Ғылымкомитеті Ш. Уәлихановат. тарихжәне этнология институт директоры, т.ғ.д., профессор (Қазақстан). Баяндама тақырыбы: «Ұлы даланың рухани құндылықтары және елді дамытудың жолдары». Марина Юрьевна Спирина – ЕурАзЭК Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университетінің Ғылыми істер жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Санкт-Петербург (Ресей). Баяндама тақырыбы: «Традиционные ценности евро-азиатских народов в современном мире». Стефан Дырка – Корфантат. Верхнесилезияэкономикалықуниверситетінің профессоры(Польша). Баяндама тақырыбы: «Роль человеческого капитала в развитии глобальной экономики». Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлы – п.ғ.д., профессор. SILKWAY Халықаралық университеті. (Қазақстан). Баяндама тақырыбы: «Құқықтық тепе-теңдікті қалыптастыруда Ұлы Даланың рухани құндылықтарының алатын орны».
Екі жақты меморандумға салтанатты қол қою рәсімі өтті. Конференция жұмысы панельдік пікірталастар және секциялық отырыстармен жалғасын тапты.